May 18

Құттықтаймыз!!!

2018 ж. мамыр айының 9-14 аралығында Бейрут қаласында(Ливан) «Дзю-до» күресінен Азия чемпионатында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың дене мәдениеті және спорт факультетінің I-студенті Бажаева Маргарита 44 кг салмақ дәрежесінде III-орын иеленді. Құттықтаймыз!

May 11

Жеңіл атлетикалық эстафета

Астана қаласының 20 жылдығы және Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай “Индустриальная Караганда” газетінің жүлдесі үшін өткізілген жеңіл атлетикалық эстафетада Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ қыздар құрамасы ІІ-орын, ұлдар құрамасы ІІІ-орын алды.Ал”еңбек ұжымдары” тобында өнер көрсеткен оқытушылар құрамасы жүлделі І-орынға ие болды.

May 11

Құттықтаймыз!

2018 ж. мамыр айының 3-4 аралығында Өскемен қаласында «Дзю-до» күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың дене мәдениеті және спорт факультетінің 1 курс студенті Жанибекова Лаура 78 кг салмақ дәрежесінде III орын иеленді. Құттықтаймыз!

May 10

Мамандығы бойынша Астана қаласында жұмыс жасауды жоспарлаған педагогикалық мамандықтар түлектерінің назарына!

2018 жыл 12 мамыр Астана қаласында педагогикалық мамандықтар түлектеріне арналған Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Уақыты: сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін Жәрмеңке келесі мекен-жай бойынша өткізіледі: Кенесары к., 49 №31 мектеп-гимназия Хусейн Бен Талал к., 7/1 №84 мектеп-лицейі Жәрмеңкеге Астана қаласы білім беру мекемелері әкімшілігінің өкілдері қатысады.

May 10

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған «Жас Ұлан – 2018» әскери-патриоттық әндер байқауы

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған «Жас Ұлан – 2018» әскери-патриоттық әндер байқауы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында 2018 жылдың 19-20 сәуірінде өтті. Байқаудың мақсаты – жастарды азаматтыққа, патриотизмге, өз Отанына деген адалдыққа тәрбиелеу; өзін-өзі шығармашылық түрде жетілдіруге жағдай жасау; әскери-патриоттық тақырыптағы әндерді насихаттау. Байқаудың ұйымдастырушылары және …

Continue reading »

May 10

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама

2018 жылдың 4 мамырында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама болып өтті.

May 03

Білікті маман –заман талабы

Олимпиада – студенттердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтайтын  және ғылыми –зерттеу  қызметі мүддесіне ынталандыратын, сонымен қатар студенттер арасында  білімділерді насихаттайтын  білімділер мен дарындыларға арналған іс-шаралардың бірі. Осындай мақсаттарды көздейтін  олимпиадалардың  болашақ  мамандар үшін маңызы ерекше. Сәуір айының  27 күні  академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік  университеті, филология  факультетінің  қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының  ұйымдастыруымен  …

Continue reading »

Older posts «

Top