Sep 26

«Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында Ашық диктант сайысы

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ тілі практикалық курсы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 2018-2019 оқу жылының 21 қыркүйегінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын насихаттау, Тілдер күніне орай мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өзге ұлт студенттері арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында Ашық диктант сайысы өткізілді. Сайысқа университеттің барлық факультеттерінен өзге ұлт өкілдері қатысып, С1, В2 деңгейлері бойынша диктант жазды. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушы студенттер жүлделі орындарды иленіп, дипломдармен марапатталды.



Top