Sep 27

«Жаңа қазақ әліпбиі және графика мәселесі» атты республикалық семинар

2018 жылдың 12-13 қазанында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универитеті Қазақ жазуын латын графикасына аудару орталығында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  ғалымдарының қатысуымен «Жаңа қазақ әліпбиі және графика мәселесі» атты республикалық семинар өтеді.

Семинарда латын әліпбиіне көшудің ғылыми-тәжірибелік негіздері, қазақ орфографиясы негізгі емле ережелерінің құрылымы, мазмұны, жаңа латыннегізді әліпби бойынша орфографиялық мәселелер, жаңа қазақ әліпбиі емле ережелерінің қағидаттары туралы пікір алмасу, талқылау  жоспарлануда.

Семинарға Қарағанды қаласы ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар және облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері шақырылады.

Семинарға қатысушыларға берілетін сертификат үшін ұйымдастыру жарнасы 2000 (екі мың)  теңге. Төлем KZ37722C000023205480 есепшотына (ИИН 890113451069) жіберілуі тиіс.

Семинарға қатысу үшін төмендегі өтінім мен сертификат үшін төленген түбіртек көшірмесін (сканерленген) 2018 жылдың 5 қазанына дейін көрсетілген электронды поштаға жіберу керек.

Қатысу туралы өтінім

Аты-жөні
Жұмыс орны, қызметі
Байланыс телефондары
E-mail:


Семинар 2018 жылдың 12-13 қазанында өтеді. Басталуы: сағат 10.00.

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28-үй, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универитеті Ғылыми кеңесінің мәжіліс залы.

Байланыс телефондары: 8-701-356-44-86; 8-777-646-21-97; 8-700-416-07-96.

E-mail: latyn_ortalygy@mail.ru

Top