Sep 28

«Киелі жерлер туризмі: тұтынушыларды ынталандыру және сұраныс қалыптастыру» атты халықаралық студенттік олимпиада

2018 жылдың 27 қыркүйегінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Киелі жерлер туризмі: тұтынушыларды ынталандыру және сұраныс қалыптастыру» атты халықаралық студенттік олимпиада өттді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, ғылыми қызметке қызығушылықты арттыру және жастардың туризм саласындағы кәсіби қызметке қызығушылығын арттыру.

Олимпиаданың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға жәрдемдесу;
  • мамандық таңдаудың себептерін анықтау;
  • туризм саласындағы болашақ менеджерлердің кәсіби қасиеттерін дамыту;
  • мамандықты дайындайтын жоғары оқу орындарының озық тәжірибелерімен алмасу;
  • жоғары оқу орындары мен туризм саласы өкілдері арасында өзара тиімді әріптестікті қалыптастыру.

Халықаралық олимпиадаға Таулы Алтай мемлекеттік университетінің (Ресей, Таулы Алтай), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. (Орал қ.), Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.), Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.); Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.), Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (Тараз қ.) және академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті студенттері қатысты.

Олимпиада қатысушылары мынадай практикалық мәселелерді шешті:

  • ең талап етілетін туристік өнімді қалыптастыру;
  • жылжытудың тиімді әдістері;
  • ықтимал тұтынушыларды анықтау және тиісті маркетингтік бағдарламаларды әзірлеу;
  • аймақтағы киелі жерлер туризмін қайта құру;
  • аймақ үшін ересектердің, жастардың және балалар сегментінің мүдделерін ескере отырып, отандық және шетелдік туристерге арналған киелі жерлер туризмі бағыты бойынша жолнұсқаушылардың онлайн карталарын әзірлеу (жаңа IT технологиялар негізінде);

аумақты орнықты дамыту тұжырымдамасына сәйкес шаралар әзірлеу.



























Top