Sep 28

Ж.С. Ақылбаевтың 80 жылдығына арналған «Жылуэнергетика және қолданбалы жылуфизиканың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылдың 28 қыркүйегінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Ж.С. Ақылбаевтың 80 жылдығына арналған «Жылуэнергетика және қолданбалы жылуфизиканың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2018 жылдың 28 қыркүйегінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагог, ғалым, 1991-2004 жж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Жоғары мектеп халықаралық академиясының академигі, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы жоғары мектеп ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, «Парасат» орденінің иегері Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаевтың 80 жылдығына арналған «Жылуэнергетика және қолданбалы жылуфизиканың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы жетекші шетелдік және қазақстандық ғалымдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің баяндамаларын қамтты.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізілді:

 

1 секция Ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері, профессор Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы
2 секция Жоғары білікті мамандарды даярлаудағы инновациялық педагогикалық технологиялар
3 секция Физиканың қазіргі мәселелері
4 секция Қолданбалы жылуфизикасы, жылуэнергетика және өнеркәсіптік экология мәселелері


















Top