Oct 08

Университет ұжымының жиыны

2018 жылдың 8 қазанында Қарағанды мемлекеттік университетінде  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылап, жүзеге асыруға арналған білім ошағы оқытушылары мен қызметкерлері, студенттері ұжымының жиналысы өтті.

Жиналыс барысында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Еркін Қиноятұлы Көбеев, профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студенттер сөз алды.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің болашақ табыстарының стратегиясы айқындалған Жолдауы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ұжымы тарапынан қолдауға ие болды. ҚарМУ оқытушылары мен студенттері Елбасының отандық білім беру жүйесінің әрі қарайғы дамуы туралы, еліміздің озық университеттерін мемлекет тарапынан қолдау туралы айтқан сөздерін ерекше ықыласпен қабыл алды.

Қарағанды мемлекетік университеті қауымдастығы өзінің негізгі мақсаттарының бірі – патриотизм және азаматтық жауапкершілік рухындағы қазақстандық жас ұрпақты тәрбиелеу деп біледі. Университеттің қызметі патриотизм құндылықтарын, мемлекеттік нышандардың маңызын, табысты және белсенді, прогресшіл жас қазақстандықтар бейнесін дәріптеуге бағытталады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауының қағидаларын бірауыздан қолдай отырып, Қарағанды мемлекеттік университеті ұжымы Президент алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін барынша күш жұмсайды.





















Top