Oct 12

«БІЗ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!» акциясы

2018 жылдың 12 қазанында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қоғамдық кеңесінің «БІЗ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!» акциясы өтті.

Акция университет басшылығының құттықтау сөзімен ашылады. Университеттің бірінші проректоры, Қоғамдық кеңестің төрағасы Р.М. Жұмашев сөз алды.

Жиналған көпшілік алдында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арыслан Қабылтайұлы Мынгишов «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру жолдары» атты баяндама жасады.

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ляйла Ангаровна Смағұлова студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша құқық қолдану ісімен таныстырды.

«Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралары» тақырыбында Қарағанды қаласы әкімінің заң бөлімінің бас маманы Жандос Мұхтарұлы Ысқақ баяндама жасады.

Университеттің биология-география факультетінің 3 курс студенті Наргиз Рахымгерей «Студенттік жастар – сыбайлас жемқорлыққа карсы саясатты жүзеге асырушылар» тақырыбында баяндама жасады.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті білім алушылары мен қызметкерлеріне қызмет көрсету орталығының (БҚҚКО) қызметі туралы БҚҚКО басшысы Татьяна Вячеславовна Микляева айтып берді.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы университеттің бірінші проректоры, осы ұйымның төрағасы профессор Рымбек Мұратұлы Жұмашев кеңінен айтып, акцияны қорытындылады.

Акция барысында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Enactus командасы сөз алды.

«Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» акциясы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын студенттер мен университет қызметкерлеріне ғана емес, Қарағанды облысының барлық тұрғындарына түсіндіріп, насихаттауға бағытталады














Top