Oct 12

Республикалық семинар

2018 жылдың 12 қазанында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универитеті Қазақ жазуын латын графикасына аудару орталығында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен        Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ғалымдарының қатысуымен республикалық семинар өтті.

Семинарда латын әліпбиіне көшудің ғылыми-тәжірибелік негіздері, қазақ орфографиясы негізгі емле ережелерінің құрылымы, мазмұны, жаңа латыннегізді әліпби бойынша орфографиялық мәселелер, жаңа қазақ әліпбиі емле ережелерінің қағидаттары туралы пікір алмасу, талқылау  жоспарлануда.

Семинарға Қарағанды қаласы ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар және облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Семинарда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Ербол Ердембекұлы Тілешов, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығы Орфография бөлімінің басшысы, ф.ғ.д., профессор Құралай Бимолдақызы Күдеринова және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универитеті қазақ тіл білімі, қазақ әдебиеті кафедраларының ғалымдары дәріс оқыды























Top