Oct 18

«Saryarqa» телеарнасымен дуальді білім беру туралы меморандум

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы «Saryarqa» телеарнасымен меморандумға қол қою және журналистерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара филология факультеті, журналистика кафедрасында «Saryarqa» телеарнасының аудиториясының ашылуынан басталды. Жиынға «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Оқаұлы, Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Омаров Қылыш Бейсенұлы, филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаммадғали Ілиясұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі тележурналист Төлеубай Каймулдинов, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, журналист Нұртілеу Иманғалиұлы, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай, ҚР Журналистер одағыны сыйлығының лауреаты, Ұлттық арнадағы «Алтын қор» басшысы Молдабек Сағындық, танымал тележурналист Ләззат Қапышева, танымал теледиктор Баян Секербаева, «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Дүйсетаев, ҚР құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі Әли Тойжігітов, ф.ғ.д., профессор Асанов Қойлыбай Дәулетханұлы, Ф.ғ.к., доцент, Журналистика кафедрасының меңгерушісі Рамазанова Жанар Сембекқызы және телеарна тілшілері мен қызметкерлері, журналистика кафедрасының ұжымы қатысты.

«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Оқаұлы мен  Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Омаров Қылыш Бейсенұлы дуальді білім беру туралы меморандумға қол қойды.

Жоғары аталған журналистер ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жураналистика саласының өткені мен бүгіні жайлы айтты.

Қарағанды облыстық филиалы «Saryarqa» телеарнасының 60 жылдық мерейтойына арналған телеарнаның бүгінгі таңда атқарып жатқан шығармашылық жұмыстары жайлы 3 минуттық бейнекөрініс жиналған қауым назарына ұсынылды.

Ары қарай «Заманауи тележурналист мамандарын даярлаудың теориялық және тәжірибелік негіздері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады. Алқалы жиында Астана мен Алматыдан келген мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, баяндамалар оқылды
















Top