Oct 19

Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дағы іссапары

2018 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басымдықтарын түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті профессорлық-оқытушылар құрамының студенттерінің кездесуі өтті.

Іссапар барысында Парламент Сенатының Төрағасы мен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Білім алушыларға және қызметкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жетістіктерін айшықтаған көрмемен танысты.

Көрменің таныстырылымынан кейін Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен, студенттерімен, магистранттарымен және докторанттарымен кездесті.

Университеттің ректоры, профессор Еркін Көбеев қонақтарға арнаған құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдары университет ұжымымен анықталғанын атап өтті. «Бұл – өзекті ғылыми зерттеулерді жүргізу, білім беру жүйесін жаңғыртуға қатысу, өңірдің бизнес құрылымдарымен байланыстарды нығайту, Орталық Қазақстанды мобильді, құзыретті заманауи кадрлармен қамтамасыз ету. Президент Жолдауы біздің әлеуметтік оптимизмімізді нығайтты, біз Қазақстанның игілігі мен гүлденуі үшін еңбек етуге дайынбыз!»

Университет ұжымына арнаған сөзінде Сенат Спикері Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет басшысы білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру тәсілдемелерін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Әңгіме жастардың әлеуметтік әл-ауқаты және жылдам өзгеретін әлемнің қажеттіліктері мен міндеттеріне сәйкес білімнің үздіксіз жаңарып отыруына бағытталған көпдеңгейлі білім беру жүйесін жетілдіру туралы болып отыр», — деп атап өтті. Сонымен қатар, Спикердің айтуынша, жастар — жаңа әлеуметтік жағдайларға сәтті бейімделе алатын және қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне ұтымды жауап бере алатын қоғамның ең белсенді және бейімделгіш бөлігі болып табылады. «Әрбір дағдарыста қауіп-қатермен қатар мүмкіндік бар», – деп түйін жасады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз соңында Сенат Спикері ҚарМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттеріне құрмет грамоталарын табыс етті. Студенттер атынан үшінші курс студенті Наргиз Рахымгерей сөз алды.

Ресми бөлімнің соңында Сенат Спикері бейресми жағдайда университет білім алушыларымен жүздесті. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері көпқырлы қызметі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және оның халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайтуға ықпал еткен кәсіби мемлекеттің көрнекті өкілімен сөйлесуге мүмкіндік алды





























Top