Oct 22

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша конкурсты өткізу туралы

Жариялау күні: 19.10.2018 14:40:00

http://edu.gov.kz/kz/grazhdanam/detail.php?ELEMENT_ID=3193&&&&&#

Конкурстың тақырыбы: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру.

Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, 645-кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 742527

Конкурс туралы ақпарат: 

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 502 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2018 жылғы 8 қарашадан 17 қарашаға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға нысан бойынша өтінім;

2) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы;

5) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

6) жеке куәліктің көшірмесі;

7) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

Конкурсқа қатысушының дербес электрондық мекен-жайы тіркеуден өткеннен кейін электрондық түрде құжаттарды толтыру туралы мәлімет (www.edu.gov.kz) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылады

Top