Oct 22

«Қоғамдық сананы жаңғырту және қазақстандық жаңа гуманитарлық ғылымдар» халықаралық конференция

2018 жылы 18 қазанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде «Қоғамдық сананы жаңғырту және қазақстандық жаңа гуманитарлық ғылымдар» атты тарих факультетінің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-шара №4 оқу ғимаратында (Гоголь көшесі, 38) өтті.

Пленарлық отырыстың спикерлері ретінде Қостанай педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы, Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары Сергей Васильевич Селиверстов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зауреш Ғалымжанқызы Сақтағанова, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Б.К. Адамбек, сонымен қатар келген қонақтар арасынан факультет түлектері сөз сөйледі.

Халықаралық конференцияның секциялық отырыстары келесі бағыттар бойынша өткізілді:

– «Орталық Қазақстандағы тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуы»;

– «Жаңа гуманитарлық білім – қоғамдық білімді жаңғыртудың негізі»;

– «Үшінші жаңғыру жағдайындағы ұлттық экономика: жағдайы, мәселелері, болашағы»;

– «Әлеуметтік жаңғырудың әлемдік тәжірибесі: тарих және тәжірибе»;

– «Рухани жаңғыру жас ұрпақтың бойындағы ұлттық сананы жаңғыртудың негізі».

Сонымен қатар, конференция аясында ҚР ЖОО-ның ғалымдары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, орта және арнайы орта оқу орындарының мұғалімдері, Ғылыми-өндірістік ұйымдар өкілдері арасында «Білім берудің құзыреттілік моделін жүзеге асыру жағдайында тарихи білімді қалыптастыру факторлары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Б.Т. Төлеуова модератор болды.

Іс-шараға қатысушылар факультет оқытушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар, университет басшылары, тарих факультетін бітірген декандар, басқа да ЖОО-ның оқытушылары мен республиканың, облыстың мектеп мұғалімдері және мемлекеттік органдар мен мекемелердегі факультет түлектері. Конференция қорытындысы бойынша күндізгі және сырттай қатысу мақсатында берілген 90-нан аса баяндаманың 60-тан астамы тыңдалды.

2018 жылы 19 қазанда халықаралық конференция аясында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультетінің 80 жылдығына арналған Салтанатты кеңес өтті.























Top