Nov 28

FameLab халықаралық конкурс форматындағы жас ғалымдардың ұлттық конкурсы

Британдық Кеңес (British Council) «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Ғылым қоры» АҚ-мен бірге «FameLab» халықаралық конкурсы форматында жас ғалымдардың ұлттық конкурсын өткізеді. Аталған конкурс ғылыми коммуникацияның ең ірі конкурстарының бірі болып табылады және Еуропа, Азия және Африканың 20-дан аса елдінде өткізіледі.

Конкурстың мақсаты – жас талантты ғалымдарды анықтау және өздерінің ғылыми мүдделерін қоғаммен ағылшын тілінде бөлісе алатындай етіп, олардың ғылыми коммуникация дағдыларын дамыту. Сондай-ақ дүниежүзі бойынша жастар арасында ғылымды дәріптеу болып табылады.

Конкурстың бірінші кезеңінде Қазақстанда 10 финалға қатысушы іріктелініп алынады. FameLab конкурсының әрбір финалға қатысушысы коммуникациялар бойынша әлемдегі атақты мамандардың бірінен Астана қаласында қарым-қатынас жасау дағдылары және көпшілік алдында сөйлеу бойынша шеберлік сабағы түріндегі кепілдендірілген жүлдеге ие болады. Шеберлік сабағында олар қоғаммен өзара қарым-қатынаста болудың неліктен маңызды екендігі жайлы біледі, таныстыру рәсімінің және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудің баға жетпес дағдыларын меңгереді, әр түрлі ғылыми зерттеулер саласында жүрген ғалымдармен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болады.

Жалпыұлттық конкурстың жеңімпазы Челтнемде (Ұлыбритания) өтетін дәстүрлі ғылыми фестиваліне барады және 2019 ж. жазда FameLab конкурсының халықаралық финалына қатысады.

Конкурсқа жасы 21-ден 40-қа дейінгі технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика саласында жұмыс істейтін немесе білім алып жүрген кез келген адам қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін 2018 жылдың 30 қарашасына дейін British Council www.britishcouncil.kz/ru/famelab сайтына онлайн-өтінім беру қажет.

Конкурс туралы толығырақ ақпаратты жоғарыдағы сілтеме бойынша Британдық Кеңестің веб-сайтынан алуға болады. Байқаудың кестесімен таныса аласыздар:

  • 30 қараша, 2018 ж., сағат 23:59-ға дейін – конкурсқа өтінім берудің соңғы мерзімі
  • Ақпан-наурыз, 2019 ж. – Астанадағы конкурстың 10 финалға қатысушысына қарым-қатынас дағдылары және презентациялар бойынша екі күндік тренинг
  • Наурыз, 2019 ж. – Астана қ. конкурстың финалы
  • Маусым, 2019 ж. – Челтнем қ. (Ұлыбритания) халықаралық конкурстың финалы

Британ Кеңесі мен «Шеврон» компаниясымен 10 финалға қатысушының Астана қ. тренинг пен финалдық жарыстарға қатысуы бойынша, сондай-ақ Челтнемдегі халықаралық финалда конкурс жеңімпазының шығындары жабылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Британдық Кеңестің қызметкері Айдана Әбдіқұловаға электрондық пошта: famelab@kz.britishcouncil.org арқылы немесе +77017279949 телефоны бойынша хабарласыңыз

Top