Nov 30

Салауатты өмір салты үшін!

Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту, адамгершілік бағдарларын нығайта отырып, денені шыңдап, рухани-психологиялық тұрғыдан денсаулықты сақтау, білім алушылардың бойында есірткіні қолдануға қатысты берік қарсылықты қатынасты қалыптастыру мақсатында биология және география факультетінің деканы С.А. Талжановтың, Студенттік Парламент депутаттары Чумышева Алина мен Зекен Санияның атсалысуымен №1 жатақхананың демалыс бөлмесінде дөңгелек үстел, плакаттар конкурсы және диалогтік алаң ұйымдастырылды.

Қазіргі әлемде нашақорлық – ең өткір әлеуметтік мәселелердің бірі. Нашақорлықпен күресу керек, өйткені бұл қоғамның болашағына балта шабатын қауіп. Бір қарағанда, бүгінгі таңда есірткіге тәуелділік мәселесі іс жүзінде шешілмейтіндей көрінеді. Алайда сіз бүгінгі таңда есірткіге тәуелділік мәселесін шеше аласыз. Еліміздің әрбір азаматы салауатты өмір салтын ұстап, саналы түрде қадам жасаса, бұл дертке қарсы тұра алады.

Студент жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жоспары:
1) «Үміт» АҚ өкілдерінің қатысуымен синтетикалық есірткінің зардабын түсіндіру.
2) «Үміт» АҚ өкілдерімен диалогтік алаң.
3) «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Саналы түрде таңдау жасаймын. Мен дені сау қазақстандықпын!»
4) Плакаттардың таныстырылымы.
5) Жабылуы. Қорытындылау







Top