Nov 30

Жаңа нормативтік құқықтық актілерді енгізу бойынша оқыту семинары

2018 жылдың 30 қарашасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту жағдайында жаңа нормативтік актілерді енгізу бойынша оқыту семинары өтті.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» өзгерістер енгізу туралы (Каргин С.Т.).
2. Жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты аясында білім беру үдерісін жоспарлауды ұйымдастыру (Смаилова С.А.).
3. Жаңа типті академиялық кредиттер бойынша оқу үрдісін жоспарлау. Оқу жетістіктерін есепке алу (ECTS). (Ақыбаева Г.С.).





Top