Dec 04

«Заң және мен» конкурсы

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, студент жастарды құқықтық мәдениет құндылықтарына араластыру, интеллектуалды және шығармашылық дамуға жағдай жасау, студенттер арасында патриотизм сезімін және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту мақсатында заң факультетінің деканаты Студенттік Парламентпен бірге № 5 жатақханада «Құқық және мен» конкурсын ұйымдастырып, өткізді.

Конкурстың қорытындысы:
«Заңгер» командасы – 1 орын (Шакуалиев Диас, Мейрамбек Мирас, Дулатбаева Дана, Қасымов Ақсұңқар, Әмірбек Ернұр);
«Излом» командасы – 2 орын (Сұлтанова Сабина, Рүстембек Айым, Аяпбергенова Аяулым, Мұратова Ақмаржан, Мұхатов Данияр),
«Бәйтерек» командасы – 3 орын (Байчикова Дарья, Берқұл Шыңғысхан, Вяхярева Лидия, Галкова Элина, Гасанова Фатима, Ибраева Ажар).
Аталған іс-шараға жауапты болды:

Андрей Викторович Турлаев, профессор; Назира Бинаятқызы Тұяқова, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы; Алтынай Боранқұлова Шәкірова, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы; Ханануз Расулова, Студенттік Парламенттің депутаты, заң факультетінің 3 курс студенті; Арман Жорабеков, Жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы







Top