Dec 05

«Латынша караоке флешмоб» акциясы

2018 жылдың 30 қарашасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы «Ресурстық тіл дамыту орталығы» КММ-нің жолдау хаттамасы бойынша тәрбие жұмысы бөлімі, қазақ тілінің практикалық курсы оқытушылары және университетіміздің 1-3 курс студенттері бірігіп, бүгінгі таңда Орталық тарапынан мемлекеттік бағдарламаларда көзделген мәселелерді жүзеге асыру, сондай-ақ латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында «Латынша караоке флешмоб» акциясын өткізді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны және «Атамекен» әні караокемен орындалды.



Top