Dec 21

Форум «Адам құқықтары және ұлттық қауіпсіздіктің қазіргі сын-тегеуріндері»

2018 жылдың 10-12 желтоқсанында Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 70 жылдығына орай адам құқықтары мен ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері тақырыбындағы IV Халықаралық жастар құқықтық форумын Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен ұйымдастырды. Форум «Адам құқықтары және ұлттық қауіпсіздіктің қазіргі сын-тегеуріндері» тақырыбында пікірталас түрінде өтті.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Украинадан келген заң факультеттерінің студенттері мен халықаралық және ұлттық заң сарапшылары қатысты. Форум барысында Қазақстан мен шет елдердің жетекші сарапшылары адам құқықтарын қорғау турасында өз ойларын ортаға салды. Бірінші және екінші турдан сәтті өткен 32 студент келесі кезеңге жолдама алды. Жарыстық бөлім шеңберінде 7 мемлекеттен келген студенттер 4 секцияда өз баяндамаларын оқыды.

Секциялардың судьялары: А. Ковалевская, құқық қорғаушы, Conculting АК директоры (Мәскеу қ.); А. Мұхамедияров, (Астана қ. Адвокаттар алқасының адвокаты); И. Кузьминич ( Минск қ. адам құқықтары саласындағы халықаралық жаттықтырушы-кеңесші); Т. Зинович, (Алматы қ. Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры).

Судьялар қатысушылардың біліктілігінің жоғары деңгейін, сондай-ақ зерттеудің өзектілігін атап айтты. Финалға әртүрлі мемлекеттің студенттері шықты. Солардың ішінде академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ заң факультетінің студенттері Тілеген Қуандықов (МП-42) пен Назерке Жамау (Ю-42) бар. Конкурстың қорытындысы бойынша заң факультетінің 4 курс студенті Тілеген Қуандықов 1 орынды иеленді. Заң факультетінің 4 курс студенті Назерке Жамау форум дипломымен марапатталды.


Top