Jan 14

Құттықтаймыз!

2018 жылдың 14 желтоқсанында Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінде (Беларусь Республикасы) халықаралық шығармашылық қонақжай өткізілді, оның аясында бірнеше байқау ұйымдастырылды.

«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті Толғанай Смағұлова «Туған жер» атты эссемен байқауға қатысып, «Отанға сүйіспеншілік» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Гродно университетінің басшылығы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне қатысушының дипломы мен алғыс хат жолдай отырып, жұмыстың барлық салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін жеткізген. Хатта сондай-ақ, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Наталья Викторовна Мирзаға Толғанай Смағұлованы дайындағаны үшін ризашылық білдірілген



Top