Jan 23

Жастар жылы бастау алды

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен Жастар жылының ашылуын тікелей эфир арқылы тамашалады.

Президент өз сөзінде осы жүзеге асырылған шаралардың ең негізгісі – жаңа буын екенін атап өтті. «Мен көріп отырған қазақстандықтардың жаңа буыны – Қазақстанның ең орасан жетістігі, Мемлекет башсысы ретіндегі менің жұмысымның нәтижесі. Сіздермен кездесіп отырғаным үшін өте бақыттымын. Мен Қазақстанда Жастар жылының басталуымен құттықтаймын», – деді Елбасы Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатында. Президент бүгінгі таңда өмірдің барлық саласы, білім де, жұмыс та, өзара қарым-қатынас та өзгеріп келе жатқанын атап өтті. «Біздің көз алдымызда жаңа жаһандық өркениет келе жатыр. Цифрлық қоғамның, экономика мен білімнің дәуірі келді. Менің буыным мектеп оқып жүргенде, әсіресе ауылда теледидар да жоқ еді. Радио енді ғана шыға бастаған еді. 100 жыл тарих үшін тым қысқа уақыт. Қазір бәрінің 10 жылдың ішінде қалай өзгеріп жатқанын көре беріңіз. Сол үшін біздің мемлекет уақыт алға тартып отырған тегеуріндерге жауап бере алуы керек», – деді Мемлекет басшысы. Елбасы өз сөзінде сол себепті жастар – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы екенін тілге тиек етті. «Аллаға шүкір, біз әлемнің дамыған елу елінің қатарына ендік. Бірақ, бұл әлі де аз. Қазіргі таңда мемлекеттер арасында ғана емес, адамдар арасында бәсеке қыза түсті. Креативті буыны бар мемлекет жеңімпаз болып шығады. Мен бұл жігерді Сіздерден көріп отырмын», – деді Елбасы.

Дереккөз: inform.kz https://www.inform.kz/ru/nursultan-nazarbaev-dal-start-godu-molodezhi-v-kazahstane_a3490787







Top