Feb 07

Ынтымақтастық туралы меморандум

2019 жылдың 7 ақпанында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған Меморандум Қазақстан Республикасы Президенті                            Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында белгіленген басымдықтарды іске асыру, сонымен қатар тарихи зерттеулер, отандық тарихи-мәдени мұраны насихаттау саласындағы тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатымен жасалды.

Үш ұйымның өзара әрекеттестігі келесі бағыттар бойынша дамитын болады:

  • «Рухани жаңғыру» Стратегиялық бағдарламасының басымдықтарын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыруда тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру;
  • «Рухани жаңғыру» Стратегиялық бағдарламасының басымдықтарын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттауға бағытталған, көрмелерді қоса алғанда, іс-шараларды өткізу;
  • Қазақстанның және Қарағанды облысының тарихи мұраларын насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  • Бірлескен жарияланымдарды ұйымдастыру, фото, аудио және бейнеқұжаттар жинақтарын дайындау;
  • өзара мүдделі баспа басылымдарының, жарияланымдардың және құжаттардың көшірмелерімен алмасу;

ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, диалогтық алаңдарға және басқа да іс-шараларға бірлесе қатысу арқылы тәжірибе мен білім алмасу.





Top