Jun 01

2017 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен алғашқы республикалық балалар және жастардың музыкалық ұжымдарының шеруіне Студенттер сарайының шығармашылық ұжымы қатысты.

2017 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен алғашқы республикалық балалар және жастардың музыкалық ұжымдарының шеруіне Студенттер сарайының шығармашылық ұжымы қатысты..

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен ұйымдастырылған шеру 900-ден астам балалар мен жастардың музыкалық және шығармашылық ансамбльдерін және шамамен 80 мың адамды қатарына біріктірді.
Жаздың алғашқы күнінде, Халықаралық балаларды қорғау күнінде өткен Республикалық Шеру«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің шерулік және көше-фестивальдік қозғалысын қолдап, дамытуды мақсат етіп қойды.
Шеруде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Студенттер сарайының шығармашылық ұжымдары – «Жарқын» халық би ансамблі және «Сарын» халықтық фольклорлық ансамблі университеттіңайырым белгілері бар жалауы мен нышандарын ұстаушылардың бастауымен бірыңғай би ырғағымен көздің жауын алатын костюмдерімен сәнді мерекелік колоннамен өтті.
Салтанатты шеруге жоғары оқу орнының студенттері мен музыкалық ансамбльдердің қатысуы жастардың әлеуметтік белсенділігінің деңгейін арттыруға, оның көркемдік мәдениетін жетілдіруге, университетке тиесілі мақтаныш сезімін қалыптастыруға, республиканың жетекші оқу орындарының бірі ретінде ҚарМУ-дың беделін көтеруге мүмкіндік береді.









Top