Jun 16

«Теориялық және эксперименттік химия» атты халықаралық ғылыми конференция.

2017 жылдың 15-17 маусымында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Теориялық және эксперименттік химия» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді.
«Теориялық және эксперименттік химия» атты халықаралық ғылыми конференция 2000 жылдан бастап Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінде 2-3 жылда бір рет дәстүрлі түрде өткізіліп келді. Конференцияның негізгі мақсаты – теориялық және эксперименттік химияның соңғы ғылыми жаңалықтарымен және жаңа тәсілдерімен кең көлемді халықаралық алмасу.

Конференцияның негізгі бағыттары: бейорганикалық химия, органикалық химия, жаңа материалдар, полимерлер химиясы және технологиясы, аналитикалық химия, физикалық химия, нанохимия және нанотехнологиялар, электрохимия, есептеу химиясы және молекулалық үлгілеу, химиялық технологиялар және экологиялық қауіпсіздік.

«Теориялық және эксперименттік химия» халықаралық ғылыми конференциясы 2017 жылдың 10 маусымы – 10 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналады.

Конференцияның ғылыми бағдарламасына жетекші ғалымдардың пленарлық баяндамалары, секциялар бойынша ауызша баяндамалар және стендтік сессия енді.

Конференция жұмысын жүргізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.








Сборник 2017

Top