Jun 19

G-Global халықаралық қауымдастығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ штабының жұмысы жоғары бағаланды. Байқау нәтижесі бойынша ҚарМУ командасы 2-орын иеленіп.

G-Global халықаралық қауымдастығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ штабының жұмысы жоғары бағаланды. Байқау нәтижесі бойынша ҚарМУ командасы 2-орын иеленіп.

 

2017 жылдың 16 маусымында Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында I республикалық «Жастар G-Global» үшін байқауының жеңіспаздарын марапаттау рәсімі өтіп, жоғары оқу орындары арасындағы ең үздік G-Global штабтары анықталды.

Аталмыш байқау G-Global халықаралық қауымдастығымен ұйымдастырылып, 2016 жылдың 1 қарашасы мен 2017 жылдың 31 мамыры аралығында өтті.

Байқауға Қазақстанның 51 жоғары оқу орынының студенттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатысты. 10 000-нан астам жарияланымдар, баяндамалар, мақалалар және сараптамалық шолулар келіп түсті.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессор-оқытушылық құрамы мен студенттерімен 2247 жарияланым, 22 жоба және 7 бейнематериалдар жарық көрді.

G-Global халықаралық қауымдастығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ штабының жұмысы жоғары бағаланды. Байқау нәтижесі бойынша ҚарМУ командасы 2-орын иеленіп, құны 250 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Экономика және халықаралық бизнес кафедрасының аға оқытушысы Жартай Жәнібек «Жаңа Жібек жолы» мақаласымен «Үздік мақала» номинациясы бойынша грамотамен және құнды сыйлық – ноутбукпен марапатталды.



Top