«

»

Jun 27

«Білім беру ұйымдарын реформалау жағдайларында дене шынықтыру және спортты оқытудың заманауи мәселелері»

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Дене мәдениеті және спорт факультеті мен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік Орталығымен бірлесе отырып, «Білім беру ұйымдарын реформалау жағдайларында дене шынықтыру және спортты оқытудың заманауи мәселелері» атты облыс аумағындағы жалпы білім беретін мектептер мен колледжілердің дене шынықтыру мамандарының біліктлігін арттыру курсын 2017 жылы 12 – 24маусым аралығында ұйымдастырды. Оған облысымыздың Бұқар жырау ауданы, Ақтоғай ауданы, Осакаров ауданы, Нұра ауданы, Жаңаарқа ауданы, Шет ауданы, Теміртау қаласы, Шахтинск қаласы, Саран қаласы мен Қарағанды қаласынан  қазақ бөлімі бойынша- 32 адам, орыс бөлімінен- 12 адам, барлығы 44 тыңдаушылар қатысты. Оған факультетіміздің білікті мамандары профессорлар мен аға оқытушылар дәріс және семинар сабақтар жүргізді, оқытушылардың құрамында ғылым кандидаттары мен қатар педагогика ғылымдарының магистрлері, ҚР спорт шеберлері және «Өрлау» бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырып келген мамандар сабақ берді.












Top