«

»

Jun 26

Сапа белгісімен

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті кезекті рет ұлттық және жаһандық рейтингте өз жоғарғы ұстанымын дәлелдеді.

Университеттердің рейтингісі – Қазақстан жоғары мектеп өміріндегі біршама жаңа құбылыс, бірақ ол қазірдің өзінде университеттердің стратегиялық жоспарлауына және олардың оқу-ғылыми қызметіне ықпал етеді. Жоғары оқу орындарының рейтингтері тәуелсіз халықаралық және ұлттық агенттіктермен жасалынады. Олар – елдегі және әлемдегі ерекше сапа белгісі, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші.

Бүгінде Қазақстан университеттері әлемдік, аймақтық және ұлттық деңгейдегі рейтингтерге қатыса алады. ҚарМУ түлектерді даярлау және ғылыми зерттеулерді әзірлеу сапасын бағалаудың барлық үш деңгейінде саралаудың белсенді қатысушысы болып табылады. Республикада ҚарМУ-дың серіктестері Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) және Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА). АРТА агенттігі мамандарды даярлау деңгейі және бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісін қалыптастырады. Қазақстан жоғары оқу орындарының академиялық және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігі бағаланады. Негізгі көрсеткіштер арасында – халықаралық және ұлттық аккредитацияның болуы, студенттер саны – «Алтын белгі» иегерлері, республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, оқытушылар – «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері, мемлекеттік наградалар мен шәкіртақылар. ЖОО-ның ұстанымы және нақтылы мамандықтар рейтингте еліміздің талапкерлеріне білім беру қызметі нарығында тиімді бағдарлануға және білім алу үшін жоғары оқу орнын таңдауына көмектеседі.

ҚарМУ ұлттықпен қатар университеттердің беделді жаһандық рейтингісіне де белсенді түрде қатысады. Студенттердің ұтқырлығын арттыру, жаһанданған экономиканың нарықтық өнімі ретіндегі жоғары оқу орнының маңызы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындары арасындағы  бәсекелестікке әкелді. Ғаламдық білім беру нарығында өз ұстанымдарын анықтаған жоғары оқу орындары әлемдік рейтингтерде өзін сәтті жайғастыруы тиіс.  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 2011 жылдан бастап Шанхай рейтингі және «Times Higher Education» рейтингісімен бірге университеттердің әлемдік рейтингтерінің «үлкен үштігіне» енетін «QS» («Quacquarelli Symonds», Ұлыбритания) ең ықпалды әлемдік рейтингтердің біріне қатысып келеді. Бұл олардың білім беру және ғылым саласындағы жетістіктері бойынша университеттердің жаһандық сараптамалық-талдамалық зерттеулері. Жыл сайын зерттеуге әлемнің екі жарым мыңнан астам жоғары оқу орны қатысады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасы және белсенділігі, жұмыс берушілердің пікірі,  мансап әлеуеті, интернационалдандыру бағаланады.

Осы беделді әлемдік рейтингтегі бағалау критерийлерінің жоғары деңгейі оған сегіз қазақстандық университеттің кіруіне мүмкіндік берді, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ солардың қатарында, біздің облысымыз бойынша енген жалғыз жоғары оқу орны. Маусым айының басында 2017-2018 жж. «QS» Әлемдік рейтингтің нәтижелері жарияланды. Оның мәліметінше, ҚарМУ өткен жылмен салыстырғанда академиялық беделін айтарлықтай арттырып, әлемдегі «ТОП-600» ұстанымына сәйкес университеттер тобына қосылды. Әлемдік рейтингпен қатар 2014 жылдан бастап ҚарМУ екі аймақтық рейтингке кірді: «ARES» және «QS: Дамушы Еуропа және Орталық Азия»,  ол жерде де сондай жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. «ARES» рейтингісі бойынша ҚарМУ «А» жоғары санатына енеді. Рейтинг сыртқы қайнар көздерден алынған жоғары оқу орны туралы ақпараттар негізінде құрылады. 2016 жылы ҚарМУ Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің аймақтық деңгейдегі «QS» жаңа рейтингісінде аймақтың үздік және ең қарқынды дамып келе жатқан университеттері «ТОП-200»-ге кіру арқылы 101-110 позициясын иеленді. Әлемдік рейтингке қазақстандық жоғары оқу орындарының кіруі және жоғарылауы 2016-2019 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен ерекше назарға алынады. Басым міндеттердің бірі ретінде «топ-200-ден топ-701+ QS рейтингісінде белгіленген Қазақстан жоғары оқу орындарының саны» индикаторы анықталды. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ осы маңызды міндетті шешуге қатыса отырып, өзінің бәсекелестік артықшылықтарын сәтті іске асырып және әлемдегі позициясын жақсартуда. Қазір рейтингтер жоғары оқу орындарынан еңбек нарығындағы позициясын нығайтуды, білім беру сапасын арттыру үшін ресурстарды іздестіру, жаңа тәсілдерді талап етеді. Академиялық ортада бәсекелестік артқан жағдайда қатысу және рейтингте позициясын жақсарту міндеті қиын, бірақ қол жеткізуге болады.

Рымбек ЖҰМАШЕВ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бірінші проректоры

Ақпарат дереккөзі: «Индустриальная Караганда» http://inkaraganda.kz/articles/144930

Top