«

»

Jun 27

«Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ бірлесе отырып, Ұлттық инновациялар байқауын өткізеді, номинациялардың бірі – «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба».

Байқаудың мақсаты – жастарды ғылыммен және өнертапқыштықпен айналысуға тарту, кәсіп ретінде өнертапқыштықтың маңызын арттыру, жас өнертапқыштарды марапаттап, ынталандыру.

Аталмыш номинацияға жоғары оқу орындарында оқитын жасы 25 жасқа (қоса санағанда) дейінгі (өтінім беру кезінде) студенттер қатыса алады. Аталған номинацияға қатысу үшін қатысушылар ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын бейнеролик түсіруі қажет, өз жобаларын YouTube порталына жүктеп, сайтқа онлайн өтінім жолдау кезінде бейнероликтің сілтемесін көрсетуі керек.

Бас жүлде – 1 500 000 теңге, 2 және 3 орын иегерлері сәйкесінше 1 000 000 және 700 000 теңгеден алады.

Top