«

Jun 27

Орта оқу орындары үшін қазақ тіліндегі «Өлкетану» («Краеведение») оқу құралының тұсаукесері

2017 жылдың 26 маусымы.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қызметкерлерімен география кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Кадірбаева Дидар Артықбайқызымен және Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмабеков Жамбыл Азмұханұлымен «Өлкетану» («Краеведение») оқу құралы әзірленді

Осы оқу құралының шығарылуы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында айтылған өскелең ұрпақтың кіші отанға деген сүйіспеншілігі оның географиясын, тарихын, мәдениетін, кешегісі мен бүгінгісін зерттеу және тану арқылы дамыту бойынша идеясын іске асыру болып табылады.

Кітапта Қарағанды облысының географиялық ерекшеліктеріне сипаттама берілген: аумақтық орны, геологиялық құрылымы, топырағы, пайдалы қазбалар кен орындары мен су ресурстары, экономикалық және әкімшілік ерекшеліктері. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі, өңірдегі экологиялық жағдай, жергілікті туризм мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылған. Кітаптың екінші жартысында облыс аумағында 18-20 ғасырларда жүргізілген тарихи және этнографиялық зерттеулер бойынша экскурс бар, тарихи-мәдени ескерткіштер мен Сарыарқа топонимикасының ерекшеліктері сипатталған.

Оқу құралының көлемі – 71 бет. Жақын уақытта мектеп оқушылары үшін орыс тілінде ұқсас басылымды, сонымен қатар жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу құралдарын шығару жоспарланады.

Қарағанды облысы мектептерінің мұғалімдері үшін кітаптың пилоттық нұсқасының тұсаукесері 2017 жылғы 26 шілдеде Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында өтті.





Top