Sep 13

«Латын графикасы негізінде мемлекеттік тіл әліпбиіне біртекті стандартты енгізу мәселелері туралы»

2017 жылдың 11 қыркүйегі Астана қаласында өткен  ҚР Парламенті Мәжілісі тыңдалымы қорытындысы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры, профессор Е.Қ.Көбеевтің «Латын  графикасы негізінде мемлекеттік тіл әліпбиіне біртекті стандартты енгізу мәселелері туралы» университет ұжымы алдындағы сөзі










2017 жылдың 11 қыркүйегі Астана қаласында

өткен  ҚР Парламенті Мәжілісі тыңдалымы

қорытындысы бойынша Е.А. Бөкетов

атындағы ҚарМУ ректоры, профессор

Е.Қ.Көбеевтің «Латын  графикасы негізінде

мемлекеттік тіл әліпбиіне біртекті

стандартты енгізу мәселелері туралы»

университет ұжымы алдындағы сөзі

 

 Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біздің елімізге жаңа дәуірді ашып берді. Елбасының мақаласы Қарағанды мемлекеттік университетінде мұқият оқылып, жан-жақты талданды, «Жаһандық білім әлемінде бәсекеге қабілеттілікті» табысты атқаруға, Қазақстандықтардың келешек ұрпағын тірбиелеуге бағытталған нақты іс-әрекеттік бағдарламасы ретінде қабылдадық. «Болашақ аудиторияда жасалады» – деп Елбасы атап көрсетті, жастар да Елбасының бағдарламалы мақаласындағы мақсат етіп қойылған тапсырмаларды әрі дұрыс, әрі терең түсіне отырып, жүргізіліп жатқан реформалардың табысты болуына зор ықпал жасағандығын сезініп отыр. Студент жастар жақын арада латын графикасын енгізу мәселесін ықыласпен қабалдағанын атап айтқан орынды. Біздің студенттеріміз бірнеше тілдерді меңгергендіктен интернет кеңістігіне еркін енуде және латын графикасын қолданудың ешқандай қиындық тудырмайтындығын аңғарып отыр.

Жеткілікті ұйымдастыру мүмкіндігін, кадр байлығын, сондай-ақ, көп тілді білім беру саласындағы үлкен тәжірибесін қолдана отырып, біздің университет мақалалар мен түрлі кітаптарды жарыққа шығару арқылы, дәрістер оқу арқылы, көрмелер ұйымдастыру арқылы, хабарлар жүргізу арқылы Президенттің мақаласын кеңінен дәріптеуді жүзеге асыруда.

Мамыр мен тамыз айларының аралығында университет оқытушылары букіл ақпарат құралдар (БАҚ) беттерінде 29 мақала жариялады, 13 телевизиялық сұхбат, 37 интернет-жарияланым және ілеуметтік желілерде 29 материал, соның ішінде латын графикасына көшу мәселесіне байланысты 9 материал аймақтық деңгейдегі басылымдарда жарыққа шықты.

«Қазақ тілінен латын графикасына кезеңдік көшу» бағыты бойынша құрылған жобалық офисте университет ғалымдары облыстық тілдерді дамыту жөніндегі Басқармасының өкілдері мен бірлесіп жұмыс атқаруда. ҚР Президенті ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Ғылым және білім министрлігіне латын графикасына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған спикерлердің кандидатурасы ұсынылды. Олардың барлығы жоғары деңгейдегі мамандар және сапалы жұмыс жүргізе біледі.

«Латын графикасы» пәні әдістемелік тұрғыдан толық қамтамасыз етіліп, филология, тарих, химия, философия және психология факультеттерінің оқу үдерісіне енгізілді. Математика факультетінің ғалымдары кирилше жазылатын қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыратын авторлық бағдарламаны дайындауда. Математик мамандар алгебра мен дифференциалды деңгейге байланысты үш оқу құралын факультеттердің сегіз мамандығына байланысты. Олар мемлекеттік тілдің латын графикасы негізіндегі әліпби стандарт бекітілгеннен кейін жарыққа шығарылады.

Сондай-ақ, біз латынша жазылатын қазақ тілінің орфографиясы мен графикасын оқытуға байланысты қашықтықтан үйрету курсын ұйымдастыруға, лингвистикалық және құқұқтық сараптама өткізуге дайынбыз. Теориялық еңбектері бар және оқыту тәжірибесін жетік меңгерген университет ғалымдары жаңа ұрпаққа оқулықтар шығаруға, жаңа қоғамның мамандарын даярлауға, соның ішінде мұғалімдерді даярлауға қатысуға мәндетті деп есептеймін. Бұл үшін қазақ тілінің латын графикасына көшуі шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық деңгейде авторлар ұжымын құру қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағдарламасындағы мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру ұсынысын университет қауымдастығы толық қолдайды деп сенемін.

Top