Oct 02

Ректормен кездесу

Қыркүйек айының 25-28 жұлдызы аралығында ректор Е.Қ. Көбеев университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Декандардың 2016-2017 оқу жылындағы факультеттердің қызметі және даму болашағы туралы есептері тыңдалды. Кездесу барысында ағымдағы жылы факультеттер ұжымдарымен бірлесе шешілетін проблемалық мәселелер мен міндеттер талқыланды. Міндеттердің қатарында: ғылыми зерттеулерді дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізу, диссертациялық кеңестер ашу, халықаралық ашық білім беру платформалары үшін лекциялық курстар әзірлеу, стартаптар тәжірибесін кеңейту және т.б.

Ректор, профессор Е.Қ. Көбеев әр факультеттің университеттің дамуына қосқан үлесін және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі жетекші ұстанымдарының сақталуын атап өтті








Top