Oct 12

Алматыда Springer Nature Awards нұсқасы бойынша үздік ғалымдар марапатталды

2017 жылдың 6 қазанында Мемлекеттік ұлттық ғылымитехникалық сараптама орталығы Springer Nature халықаралық басылымымен бірлесе отырып жыл сайынғы Springer Nature Awards марапаттау салтанатын өткізді. Іс-шара «Springer Nature open days» аясында ұйымдастырылды, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің ең көп жарияланым шығаратын авторлары мен ұйымдары марапатталды.

Springer Nature баспасы журналдарында жарияланым белсенділігінің жоғары көрсеткіштері бойынша Springer Nature « Қазақстанның ең белсенді жарияланымдар шығаратын ұйымдары» номинациясымен лауреаттар марапатталды: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Назарбаев Университеті, Ядролық физика институты, Қ.И. Сәтпаев атындағы  ҚазҰТЗУ, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Органикалық синтез және көмір химиясы институты, ҚарМТУ, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты.

Springer Nature «Жаратылыстану ғылымдары саласында Қазақстанның ең көп жарияланым шығаратын ғалымдарының еңбегі» номинациясы бойынша марапатталғандардың қатарында: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ химия факультеті химиялық технология және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Мырзабек Байкенов, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ физика-техникалық факультеті физика және нанотехнология кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Ниязбек Ибраев.



Top