Oct 12

«Логикалық мәдениет қоғамдық сананы жаңғыртудың негізі»

2017 жылдың 9 қазанында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Студенттік Парламентінің ұйымдастыруымен №8 оқу ғимаратында «Логикалық мәдениет қоғамдық сананы жаңғыртудың негізі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингтің модераторы — философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры, фс.ғ.д. В.С. Батурин. Семинар жұмысына студенттер, Студенттік Парламент депутаттары, факультеттердің ЖІЖК төрағалары қатысты. Талқылау барысында студенттер қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді, қызығушылық тудыратын сұрақтар бойынша түсіндірулер берілді.

Top