Oct 25

«Ұлы қазақ ойшылы Қазыбек бидің қызметі мен шығармашылық мұрасы – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы»

2017 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің атсалысуымен Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы қазақ ойшылы Қазыбек бидің қызметі мен шығармашылық мұрасы – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов жиналған қауымды ұлы бидің 350 жылдық мерейтойымен құттықтады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Серікқазыұлы Уалиев халықаралық конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пленарлық отырыста қоғам қайраткерлері, Қазақстан және шетел ғалымдары: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры Е.Қ. Көбеев, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі М.Ж. Жолдасбеков, жазушы, публицист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының экс-депутаты А.З. Смайыл, мемлекет қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Парламенті Сенатының IV және V шақырылымының экс-депутаты Ғ. Есім, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы, Омбы мемлекеттік университетінің профессоры Ю.Ф. Сорокин, тарих ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институтының профессоры К.К. Раджабов, «ҚазақстанZAMAN» газетінің бас редакторы, журналист-түркітанушы А. Ахмет, тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Қ.Қ. Әбуев баяндама жасады.












Top