Oct 30

2017 жылдың 27 қазанында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жыл сайынғы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» акциясын өткізді.

Акцияға барлық мамандықтардың 1 курс студенттері, академиялық топтардың кураторлары және декандардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, студенттік ұйымдардың мүшелері қатысты. Акция барысында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қоғамдық кеңес төрағасы, бірінші проректор Жұмашев Рымбек Мұратұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Медет Талант Бақбергенұлы, Қарағанды облыстық сотының бас маманы Оралов Данияр Амантайұлы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Жас Отан» ЖҚ бөлімінің басшысы Кабегенов Аслан, филология факультетінің 2 курс студенті Кәрімхан Жәния баяндама жасады.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Қоғамдық кеңесінің жыл сайынғы

«Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

акциясының бағдарламасы

 

Күні және уақыты: 2017 жыл, 27 қазан (жұма), сағат 16:00

Өткізілетін орны: №8 оқу ғимараты, 13 кеңейтілген дәрісхана

Аудиториясы: Декандардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, барлық мамандықтар бойынша 1 курс академиялық топтарының басшылары мен кураторлары, студенттік ұйымдардың мүшелері.

16.00 – 16.10 – Акцияның ашылуы

16.10 – 16.50 – Баяндамалардың тыңдалуы

16.50 – 17.00 – Акцияның жабылуы

                   

16.00 – 16.10 Акцияның ашылуы

Құттықтау сөз

Жұмашев Рымбек Мұратұлы

Қоғамдық кеңес төрағасы, бірінші проректор

16.10 – 16.20 ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Медет Талант Бақбергенұлы

16.20-16.30 Отандық сот жүйесінің болашағы. Қарағанды облыстық сотының бас маманы – Оралов Данияр Амантайұлы
16.30-16.40 Жастар мен жастар ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Жас Отан» ЖҚ бөлімінің басшысы, филология факультетінің 4 курс студенті – Кабегенов Аслан
16.40-16.50 Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Филология факультетінің 2 курс студенті – Кәрімхан Жәния
16.50-17.00 Акцияның нәтижелерін қорытындылау

Жұмашев Рымбек Мұратұлы

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, Қоғамдық кеңес төрағасы











Top