Nov 01

«Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы»

2017 жылдың 31 қазанында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін қолдау тұрғысында филологтардың және студенттердің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Университеттің Студенттер сарайы баспасөз орталығында өткен дөңгелек үстел «Рухани жаңғыру» жобасын түсіндіру және талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры, з.ғ.дк. Турлаев Андрей Викторович, Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясының доценті, т.ғ.к. Кентбек Салауат Қамшыбайұлы, қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Марина Жүнісова, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Бірманова Ақсұңқар Исламбекқызы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Шәкірова Алтынай Боранқұлқызы шақырылды. Дөңгелек үстелдің төрағасы – Түйте Елдос Ерғазыұлы — қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к., модератор — Айтбаева Бақыт Манатқызы – доцент, қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында филология факультетінің 2 курс студенті, ҚарМУ «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі Калмыкова Ольганың «Латын әліпбиінің қоғамға қажеттілігі», филология факультетінің 2 курс студенті, ҚарМУ «Жас Отан» Жастар қанатының жетекшісі Қайнетден Жанельдің «Латинский алфавит: цель, смысл и необходимость», заң факультетінің 1 курс студенті, ҚарМУ «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі Құнанбаев Рамазанның «Латын әліпбиіне көшудің мәні», филология факультетінің 2 курс студенті Аман Шыңғыстың «Латын қарпі туралы», филология факультетінің 3 курс студенті, ҚарМУ Студенттік Парламенті депутаты Кәрімхан Жәнияның «Латын әліпбиіне көшудегі негізгі мәселелер»,

филология факультетінің 4 курс студенті, ЖІЖК маманы Кабегенов Асланның «Лидеры молодежи Казахстана поддерживают переход на латиницу» атты баяндамалары тыңдалды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар қарар қабылдады.

.







Top