Nov 02

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі тақырыбында студенттердің зияткерлік сайысы өтті.

Е. А. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің  филология факультетінде қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының  ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау және «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру мақсатында  жақында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі тақырыбында студенттердің зияткерлік  сайысы өтті.

«Болашақ энергиясы»  ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды,бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру.

  Сайыста халықаралық көрмесінің жетістіктерін, еліміздің болашағына қосқан үлесін көрсету және университеттің барлық факультеттерінде оқитын студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсаты көзделді.

Студенттерге үш тілді меңгеру, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі туралы ақпараттан жан-жақты хабардар болу, Қазақстанның әлемдегі беделін көрсете білу талаптары қойылып, 5-кезең бойынша сайысқа түсті. Топ студенттері «Болашақтың  энергиясы» аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына түрткі болған және әлемде ғылымның өзара ықпалдастығын  нығайтуға септігін тигізген көрменің  бірқатар жағымды аспектілеріне тоқталды.

Екі топ арасындағы сайыста  ерекше  шығармашылық қабілетін танытқан «Юнайтед Энерджи»  тобы жеңіске жетіп, топ мүшелері  І дәрежелі дипломмен марапатталды.












Top