Nov 02

Бітіруші курс студенттерініңң назарына! 2017 жыл 6 қарашада №2 кеңейтілген аудиторияда (бас ғимарат) «Самрұқ-Қазына» АҚ өкілдерімен «Жас Өркен» бағдарламасының презентациясы өтеді.

«Самрұқ-Қазына» АҚ «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына бастама жасады. Бағдарлама аясында 20 талантты жас түлек 20 ай бойы «Самрұқ-Қазына» АҚ тобының бірнеше қоржындық компаниясында тағылымдамадан және оқудан өтеді.

Бағдарламаның нысаналы тобы 2018 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген, келешекте білікті маман болып, өз мансабын еліміздің жетекші компанияларда бастауға ниет білдірген түлектер.

Оқыту және тағылымдамадан өтуден бөлек, конкурс жеңімпаздарына ай сайынғы шәкіртақы, тағылымдама орны мен тұратын жер аралығындағы жол ақысы төленеді.

Байқаудың мазмұны мен шарттары туралы ақпаратты толығырақ www.skcu.kz/zhasorken сайтынан біле аласыздар. Бағдарламамен қызыққан түлектер аппликациялық форманы толтыру қажет (онлайн, аталған сайтта).

Top