Nov 21

Қазақ тілін латын графикасына көшіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

20 қараша, 2017 жыл. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге арналған іс-шаралар кешені аясында ғалым-филологтар, мемлекеттік органдардың өкілдері, докторанттар, магистранттар және студенттердің қатысуымен «Қазақ тілін латын графикасына көшіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында жаңа графикалық стандарттың енгізілуінің өзектілігі, қазақ тілін латын графикасы негізінде оқыту әдістемесі, Қазақстанда латын әліпбиінің жүзеге асырылу тарихы талқыланды.

Көптілді оқыту саласында мол тәжірибесі бар, жеткілікті ұйымдық және кадрлық ресурстарға ие Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мақалалар жазу, кітаптар басып шығару, лекциялар оқу, көрмелер ұйымдастыру, бағдарламалар жасау арқылы Президенттің мақаласын кеңінен насихаттауда және латын графикасына негізделген мемлекеттік тіл әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуге тікелей атсалысуда.

Қазіргі уақытта университет ғалымдарымен қазақ тілін латын графикасына аударудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі бойынша жұмыстар атқарылуда. Осылайша, Қарағанды мемлекеттік университетінің университеттік қауымдастығы іс жүзінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен мемлекеттік тілдің латын жазуына көшу бағдарламасын қолдайды.

 
















Top