Nov 23

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауындағы бесінші басымдық –қауіпсіздік мәселесіне орай  «Терроризмге жол жоқ» тақырыбында университеттің барлық факультеттерінде оқитын студенттердің қатысуымен №5 жатақханада  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

1.Отаншылдық,  бейбіт өмір қадірін ұғындыру, лаңкестікпен күрес, оның таралу себептері, алдын-алу шаралары туралы терең мағлұмат беру, бірлікке тәрбиелеу, бейбіт рұхтағы адами қасиеттерді қалыптастыру.

  1. «Терроризмге жол жоқ» тақырыбы аясында жан-жақты ақпараттан хабардар ету.
  2. Қазақстанның бейбіт өмір жақшысы екенін насихаттау, өзара пікір алмастыру.

4.Студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру, сыни ойлау, өз ойын еркін жеткізе білу,  өзін-өзі басқару, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелге әр факультеттен студент қатысып,мазмұнды көрсетілім негізінде сөйледі.Әрқайсысы мемлекеттік тілде өз ойларын толық жеткізіп, қызу пікір алмасу жасады. Тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан бұл құбылысты жастар болып тарқата талдады. Жатақхана студенттері сұрақ қойып, тақырыпқа араласып ой қосып отырды.

Іс шараға университетіміздің философия-психология факультеті, дінтану мамандығының сыртқы бөлімінде білім алып жүрген қаламыздың орталық мешітінің қызметкері Мейірхан Тілеубек арнайы қатысып, діни дұрыс сауатты болу жайында ойын ортаға салды. Студенттер    «Біз терроризмге қарсымыз. Терроризм атауын толық жоюға қауқарымыз жетпейді әрине, бірақ террористердің санын азайтып, қоғам мен ұлтқа пайда келтіруге толықтай жағдай жасай аламыз. Білімді сауатты қоғамда, кез-келген жат идеологияның, жат ағымның ақ-қарасын ажырата алатын, төтеп бере алатын біздер»,–деген сенімде тарасты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша студенттер белсенділік танытқаны үшін мадақтамамен марапатталып, өз ойларын жүйелі, мәнерлі жеткізе білген  студенттер номинацияға  ие болды.



Top