Dec 04

«Парасатты ғалым»

2017 жылдың 30 қарашасында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагог, ғалым, 1991-2004 жж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Жоғары мектеп халықаралық академиясының академигі, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы жоғары мектеп ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, «Парасат» орденінің иегері Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлын еске алуға арналған «Парасатты ғалым» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына танымал отандық ғалымдар, Ж.С. Ақылбаевтың туыстары мен жақындары қатысты.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы жетекші шетелдік және қазақстандық ғалымдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің баяндамаларын қамтты.

Конференция барысында «Педагог. Тәлімгер. Ғалым» деректі фильмі көрсетілді.

.














Top