Dec 14

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Мәңгілік ел» Патриоттық актісі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, «Мәңгілік ел» Патриоттық актісінің негізгі ережелері туралы студент жастарға уақытылы және кешенді ақпарат беруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу мақсатында 2017ж. 14 желтоқсанда Студенттер сарайының баспасөз орталығында «Тәуелсіз Қазақстан жастардың көзімен. Жаңа қазақстандық патриотизм» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ұйымдастыру комитеті: Жастар ісі жөніндегі комитет, ҚарМУ Студенттік Парламенті, ҚарМУдың «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесі, ҚарМУ студенттер омбудсмені. Төраға: Қалықов Абай Қобландыұлы – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор. Модератор: Кентбек Салават Қамшыбайұлы – Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті.
Дөңгелек үстелге шақырылғандар: Малаев Думан Базаркеевич – Қарағанды обылысы Әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамас ету бөлімінің жетекшісі; Турлаев Андрей Викторович – мемелекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Дөңгелек үстел барысында баяндама жасағандар: Әлем қауымдастығында Тәуелсіз Қазақстанның алатын орны” – Кентбек Салават Камшыбайұлы, т.ғ.қ., Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының доценті; “Тәуелсіздік: отандық денсаулық сақтау. Дамуы және келешегі” – Саматов Темірлан, «Самрұқ» студенттік республикасының президенті, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті; “Қазақстан халқының бірлігі – Тәуелсіздіктің негізі” – Жанбырбаева Перизат, физика-техникалық факультетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы; “Білім болашақтағы табыстың іргелі факторы ретінде” – Ғали Гүлбаршын, заң факультетінің 1 курс студенті; “Мәңгілік Ел Ұлттық идеясының жүзеге асырылуы” – Демисенов Рашид, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың “ЖасОтан” ЖҚ бөлімшесінің мүшесі, тарих факультетінің 1 курс студенті; “Тәуелсіздіктің 26 жылындағы Қазақстанның жетістіктері” – Танкибаева Диана, ҚарМУ Студенттік Парламентінің белсендісі, заң факультетінің 1 курс студенті; “Жана қазақстандық патриотизмді қалыптасатыру негіздері” Абилова Жұлдыз, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың “ЖасОтан” ЖҚ бөлімшесінің мүшесі, биология-география факультетінің 3 курс студенті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылармен қарар қабылданды










Top