Jan 11

Жалпы білім беру мектептері оқушыларының «ДИЗАЙН» бойынша ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

жалпы білім беру мектептері оқушыларының

«ДИЗАЙН» бойынша

ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы

28 ақпан 2018 жыл

 Құрметті мұғалімдер мен оқушылар!

 Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогикалық факультеті, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының негізінде «Дизайн» пәнінен мектеп, лицей, гимназия және мектеп-интернаттарының оқушыларына Қалалық олимпияда өткізеді:

– «Сәулеттік дизайн»,

– «Графикалық дизайн»,

– «Сән дизайны»

бағыттары бойынша жалпы білім беру мектептері оқушыларының қалалық олимпиадасын өткізеді.

Қалалық олимпиада 2018 жылдың 28 ақпан күні сағат 9.00-де өткізіледі. Оған олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне уақытында өтінім берген 11 сынып оқушылары жіберіледі. Олимпиаданың жүргізілу тілі – қазақша, орысша.

I кезең (іріктеу бөлімі, мектепішілік) олимпиадалық жарыс жалпы білім беру мектептерінінде өткізіледі.

II кезең (финал) олимпиадалық жарыс академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің педагогикалық факультетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы негізінде өткізіледі.

Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласының жалпы білім беру мектептерінің, лицейлердің, гимназиялардың, мектеп-интернаттарының 11 сынып оқушылары шақырылады. Олимпиадаға әр оқу орынынан оның оқыту тіліне (тілдеріне) қарамай ақ, әр бағыт бойынша 1  қатысушы жіберілуі қажет. Қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды  орындауға қажетті барлық құралдар мен материалдарды: ақ және түсті қағаз, картон, қарындаштар, өшіргіш, қыстырғыш шегелер (кнопкалар), тушь, гуашь, акварель, сангина, пастель, мата, былғары т.с.с. өздерімен бірге ала келулері керек. Жетекшілердің болуы міндетті.

 «Сәулеттік дизайн» бағыты бойынша олимпиада екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең – үй тапсырмасы – Астана қаласының 20-жылдығына арналған мерекелік стелла  – тақырыбына дизайн-жоба.

Орындалу техникасы: еркін – графика, түсті, аппликация т.с.с., қысқаша аннотация.

Пішімнің өлшемі – А2 (420х594мм) қатты негізде (картон, пластик).

Жұмыстың құрамы: көріністері, перспектива немесе аксонометрия, басты жоспар, жеке элементтердің көріністері және түсіндірме жазба (3-5 бет).

Жұмыс ұйымдастыру комитетіне олимпиадаға келгенде тапсырылады.

2 кезең – тәжірибелік тапсырма клаузура – «Шағын (сәндік) сәулеттік нысандары мен жарықтандырылған кішігірім бақтың жобасы» тақырабы бойынша жоба-клаузура.

Орындау техникасы: еркін – графика, түсті, аппликация т.с.с..

Жоба-клаузураның құрамы: басты жоспар, бақтың нақты бөліктері, құрылымдық элементтері (орындықтар, гүлдер, шамдар, қоқыс жәшігі және т.б.), қысқаша түсіндірме жазба. Пішімнің өлшемі – А2 (420х594мм) қатты негізде (картон, пластик).

 «Графикалық дизайн» бағыты бойынша олимпиада екі кезеңнен тұрады:

1 кезең – үй тапсырмасы – графика тақырыбы: «Астана қаласына экскурсия».

Орындалу техникасы: еркін графикада – ақ-қара, түрлі түсте коллаж және т.б., қысқаша түсіндірме жазба.

Тапсырма келесідегідей орындалады: нақты композициялық шешімі мен, қаладағы мереке образын оң әрі ұтымды эмоцияда құра білу.

Пішімнің өлшемі – А2 (420х594мм) қатты негізде (картон, пластик).

Жұмыс ұйымдастыру комитетіне олимпиадаға келгенде тапсырылады.

2 кезең – тәжірибелік тапсырма – «Астананың туған күніне» – «Презентациялық плакат» тақырыбына графикалық шығармашылық жұмыс.

Орындалу техникасы: еркін графикада – түспен апликация және т.б., қысқаша түсіндірме жазба.

Тапсырма кезең бойынша орындалады, шығармашылық ой ізденісі, болашақтағы заманауи Қазақстан образын орындауда оның негізгі бейнелерін нақты әрі ұтымды имиджін құру. Пішімнің өлшемі – А2 (420х594мм) қатты негізде (картон, пластик).

«Сән дизайны» бағыты бойынша олимпиада екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең – үй тапсырмасы – «Жастар сән үлгісіндегі – Дерби стильі» тақырыбына киімдер композициясы.

Пішімнің өлшемі – А4 (210х297мм), альбом түрінде рәсімделеді (5-тен кем емес костюм эскизінің коллекциясы), (қағаз, акварель, гуашь, тушь).

Жұмыс ұйымдастыру комитетіне олимпиадаға келгенде тапсырылады.

2 кезең – тәжірибелік тапсырма – «Қазақ елінің ежелгі петроглифтерін қолданумен Эко-стильдегі костюм дизайны» тақырыбындағы костюм эскизі.

Материалдар: қағаз, акварель, гуашь, тушь. Пішімнің өлшемі – А2 (420х594мм).

Олимпиадаға қатысуға мектептің бірінші басшысы растаған өтінім (1 қосымша) 2018 жылдың 22 ақпанына дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: 100026, Қарағанды қаласы, Карбышев көшесі 7, педагогикалық факультеті, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы, 11 ғимарат, 205 кабинет немесе бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының электронды почтасына ksu_dizain@mail.ru

Байланыс телефондары: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы: 35-14-20; сәулеттік дизайн: 8-701-267-47-33, 8-701-433-21-58; графикалық дизайн: 8-708-910-69-47; 8-701-375-57-80; сән дизайны: 8-701-535-79-70; 8-708-844-67-28

Олимпиадаға қатысумен байланысты материалдарды, құрал-жабдықтар мен шығындарды жіберуші жақ қамтамасыз етеді және төлейді. Олимпиадаға қатысушыларды алып келетін мұғалімдер мен оқытушылардың іссапарлық шығындарын төлеуді іссапарға жіберуші білім беру мекемелері жүргізеді. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен оларға ілеспе құжаттар қайтарылмайды.

Олимпиада жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

 

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Top