Feb 13

Құрметті жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушылары!

Ақпараттық хат

Қарағанды қ., 23 ақпан 2018 жыл

Құрметті жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушылары!

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техникалық факультетінің көлік және кәсіптік оқыту кафедрасы «Технология» білім саласы бойынша мектеп оқушыларының арасында қалалық олимпиада өткізеді  (8-11 сыныптар).

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техникалық факультетінің көлік және кәсіптік оқыту кафедрасының базасында өткізілетін қалалық олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең – Тапсырыстар мен шығармашылық жобаларды қабылдау – 2018 жылдың 20 ақпанына дейін  (1 қосымша)

2 кезең – Шығармашылық жобаны қорғау – 2018 жылдың 23 ақпаны

Олимпиаданың 1 кезеңі – келесі бағыттар бойынша тапсырыстар мен шығармашылық жобаларды қабылдау:

Интеллектуалды (жобалар – оқу, тұрмыс және өндіріс жайларының интерьері, кез келген өндірістік, тұрмыстық бұйымдардың дизайны және т.б.)

Материалдық (жобалар – оқушылардың сәндік-қолданбалы және техникалық шығармашылықтарының бұйымдары)

Экологиялық (жобалар – екінші реттік қолдану шикізаттарынан жасалған бұйымдар)

2 кезеңде:

– «Ғылыми проблеманың өзектілігі», «Жұмыстың практикалық мәні», «Идеяның ерекшелігі» номинациялары бойынша шығармашылық жобаларды көрсету және қорытынды шығару. Бұл кезеңде әрбір қатысушы өзінің алдын ала дайындалған шығармашылық жұмысын көрсетеді. Бұл конкурс екі кезеңмен бағаланады: жобаны теориялық негіздеу және қорғау.

Олимпиадаға қатысу үшін мектептің бірінші басшысымен бекітілген тапсырыстар 2018 жылдың 20 ақпанына дейін 100028, Қарағанды қ., Университет көшесі 28 мекен жайында орналасқан физика-техникалық факультетінің көлік және кәсіптік оқыту кафедрасында қабылданады (2 оқу ғимараты: 412, 416 ауд. немесе электрондық адрес: utisa@mail.ru.)

Олимпиада материалдарына қойылатын талаптар: шығармашылық жоба түсіндірме жазбасының көлемі А4 форматындағы 10 бетке дейін; өрістер: жоғарғы 2 см., төменгі 2 см., сол жақ 3 см., оң жақ 1,5 см.; қазақ тіліндегі мәтінге KZ Times New Roman кегель 14 шрифтісі, орыс тілі үшін Times New Roman кегель 14 шрифтісі қолданылады, жоларалық интервал 1,5 см.

Олимпиаданың бағдарламасы мен талаптары Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ сайтында орналастырылады (www.ksu.kz Физика-техникалық факультеті).

Мекен жайымыз: Университет көшесі 28, тел. 77–04-03

e-mail: utisa@mail.ru
Қосымшаны жүктеу

Top