Feb 13

«Студенттік өмір — көтеріңкі көңіл»

2018 жылдың 16 ақпанында сағат 14.00-де №8 оқу ғимаратында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері арасында «Студенттік өмір — көтеріңкі көңіл» деген тақырыпта Көңілді тапқырлар сайысы өткізіледі.

Сайыстың негізгі мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау және жеке тұлғаны қалыптастыруда студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау, университетте Көңілді тапқырлар сайысын студенттер арасында насихаттау.

Көңілді тапқырлар сайысын ұйымдастырушылар – Қазақ тілінің практикалық курсы оқытушылары, Кәсіподақ комитеті.

Жалпы тақырып: «Студенттік өмір — көтеріңкі көңіл»

1. Сәлемдесу (5-7 минут)

2. Үй тапсырмасы (10 минут)

3. 5 жаңалық

Өткізілу орны: №8 оқу ғимараты,13 дәрісхана.

Анықтама телефоны: 87753613965

Top