Feb 22

«Педагогикалық шеберлік орталығы»

2018 жылдың 21 ақпанында орта білім мазмұнын жаңарту бойынша қызмет аясында НЗМ ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ (Астана қ.) өкілдерінің университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесуі өтті.

Кездесуге оқу ісі жөніндегі проректор С.Т. Каргин, ПШО өкілдері, Қарағанды қаласындағы ПШО филиалының директоры О.Г. Сурначева, болашақ педагогтарды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар қатысты. Жиналғандар алдында ПШО директоры, Қасымбеков Ермек Қасымбекұлы, сөз сөйледі, ол оқытушыларды деңгейлік және жаңартылған орта білім мазмұны аясында педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен таныстырды.

Кездесу барысында қатысушылар педагогикалық кадрларды даярлау және өзекті оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасты.







Top