Mar 12

Географиядан Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті»

ШЖҚ-дағы РМК

Республикалық студенттік пәндік олимпиада

2018 жылдың 9-10 сәуір аралығы

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» ШЖҚ-дағы РМК 2018 жылдың 9-10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В011600 – География  мамандығының география пәні бойынша пәндік олимпиада өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық мүмкіншіліктерді ашу, жеке тұлғаның қарқынды қалыптасуы және жеке тұлғаның дамуы үшін жағдайлар жасау, ең дарынды студенттерді таңдау және қолдау; студенттердің интеллектуалды әлеуеттерін қалыптастыруға жағдай жасау; студенттер мен жас  ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; ғылыми қызметтерге қызығушылықтарды дамыту.

Олимпиаданы өткізу орны: Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, № 3 оқу ғимараты, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Олимпиаданың бағдарламасына жоғары оқу орындары мамандықтарының базалық пәндерінің бөлімдері бойынша тапсырмалар еңгізіледі. Конкурстың қорытындысы бойынша олимпиаданың қазылар алқасы командалық және жеке есепте 1, 2, 3 орын алған жеңімпаздарды анықтайды. Командалық жүлделі орындардың саны, І орын – 1; ІІ орын – 2; ІІІ орын -3.  Жеке есептегі жүлделі орындар саны: І орын – 1; ІІ орын – 1; ІІІ орын – 2 орын. Олимпиадаға қазақ немесе орыс тілдерінде оқитын 1-4 курс студенттері қатыса алады (қатысушылардың өзімен бірге жеке куәлігі, сынақ  кітапшасы немесе студенттік билеттің түп нұсқасы болуы тиіс).

Команданың құрамы: жетекшісі және команданың 2 мүшесі. Бір жоғары оқу орнынан 1 команда. Қатысушылардың іс-сапарлық шығындары команданы жіберген оқу орнының есебінен жүзеге асырылады. Олимпиадаға қатысушыларды Қарағанды қаласының қонақ үйлеріне орналастыру жоспарланған. Темір жол вокзалынан «ҚарМУ» аялдамасына дейін №40 автобусымен жетуге болады.

Олимпиадаға тапсырыс 2018 жылдың 28 наурызына дейін aidyn_1988kz@mail.ru электронды поштасына келесі түрде қабылданады:

География бойынша Республикалық студенттік олимпиадаға қатысуға тапсырыс

(әрбір  қатысушыға толтырылады)

Тіркеу  карточкасы

  1. Қатысушының Т. А.Ә. (толық):
  2. Шифр, мамандық, курс, оқыту тілі:
  3. Оқу орны (толық атауы):
  4. Мекеменің E-mail:
  5. Мекен-жайы:
  6. Контактылық телефон/факс:
  7. Олимпиаданың тапсырысы орындалатын тіл:
  8. Қонақ үйге орынды брондап қою (иә/жоқ):
  9. Келу (күні, уақыты, көлік түрі):
  10. Кету (күні, уақыты, көлік түрі):
  11. Команда жетекшісінің Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы, оның контактылы телефоны:
  12. E-mail (міндетті түрде):

Тіркеу карточкалары doc. форматында электронды поштаға жіберіледі. Студент пен жетекшінің жеке куәлігінің көшірмесін жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 100026, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, № 3 оқу ғимараты, тел: 8-7212-77-00-69, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, биология-география факультеті, география кафедрасы

Контактылық  тұлға: Аманжолов А.И. – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, география кафедрасының аға оқытушысы,  магистр, ұялы тел.: 8-702-239-63-62, e-mail: aidyn_1988kz@mail.ru

Олимпиадаға қатысушылар  2018 жылдың 8 сәуірінде келуі керек. Кетуі – 2018 жылдың  10-11 сәуіріне жоспарланған.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар  (келу, кету, тамақтану, тұру) жіберген жақтың есебінен жүзеге асырылады. Қонақ үйге  орынды брондап қою қажеттілігін тапсырыста хабарлауларыңызды сұраймыз.

Олимпиаданың бағдарламасы және өткізу қағидасы ksu.kz университет сайтында орналастырылған.

Ұйымдастыру комитеті

Top