Mar 12

Құрметті оқушылар және математика пәні ұстаздары

Сіздерді 29.03.2018-30.03.18ж.ж. аралығында ҚарМУ-нің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде өтетін, Қарағанды қаласы мен аймақтық қалалардың 10-11 сынып оқушыларына арналған, математикадан Ашық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

Олимпиада 2 турда өтеді.

Бірінші тур іріктеу туры –  олимпиадалық есептерді  шешу

Екінші  тур  –  олимпиадалық есептерді  шешу.

Тіркеу 9:30 басталады

Бірінші тур 29.03.18ж.ж. сағат 10:00 басталады

Екінші тур 30.03.18ж. сағат 9:00 басталады

Есептерді шығару үшін  2,5 сағат беріледі

Олимпиадаға  қатысу үшін 26.03.2018ж. дейін төменде келтірілген форма бойынша өтініш беру қажет.

Әр оқу орнынан бір параллельден 3 адамнан артық болмау керек.

Өтініш  қабылданады:

  • ksu_mpm@mail.ru  адресіне электронды формада өтініш қалдыру.

Ескерту:

  • 2 дәптер, көк паста қалам

Диплом және грамоталар мектеп электронды адресіне жіберіледі. Сондықтан, оқушының фамилиясы және аты, сынып және мектеп, мұғалімнің аты-жөні дұрыс жазылғанына көніл аударуыңызды сұраймыз.

Математикадан ашық олимпиадаға қатысуға ӨТІНІШ  формасы

Оқушының

аты жөні тегі

Мектеп Сыныбы Оқу тілі (қаз, орысша) Пән мұғалімінің

аты-жөні

Мектеп және мұғалімнің  байланыс  телефоны
1  

 

         
2  

 

       
Top