Mar 14

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  биылғы жылдың 10-қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы міндетінде «жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді» деп көрсетілген. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында бірыңғай сағат өткізу көзделген.
Аталған іс-шараны Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті белсенді әрі жоғары деңгейде өткізді. Барлық академиялық топтарда арнайы кураторлық сағаттар өткізілді. Сонымен қатар 2018 жылдың 14-наурызында заң факультетінің студенттерімен арнайы кездесу өткізілді. Кездесу барысында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры, з.ғ.д., доцент Турлаев Андрей Викторович студенттерге еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған саясатына, бұл саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен міндетіне тоқталды. Сонымен қатар, университеттің құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімінің маман-заңгері Байкенжина Шырын Такеновна академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған саясаты жайлы баяндап берді. Студенттердің негізгі құқықтары мен міндеттері талқыға салынды. Кездесу соңында филология факультетінің 2-курс студенті Боярова Вероника университеттің академиялық адалдық Ережесі жайлы баяндамасын оқыды. Аталған іс-шарада студенттер өз пікірін білдіру, сұрақтар қою арқылы үлкен белсенділік танытты.







Top