Apr 05

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен И.Н. Майшекинмен кездесу өткізілді.

2018 жылдың 4 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің №11 оқу ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен – И.Н. Майшекинмен кездесу өткізілді. Аталған шара Қарағанды облысының оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын дәріптеу мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартия және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен» жобасы аясында болды. Кездесуге шет тілдер, дене шынықтыру және спорт, философия және психология, педагогика факультеттерінің студенттері, топ кураторлары қатысты. Кездесу барысында университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмені И.Н. Майшекин студенттермен жемқорлықтың алдын алу жолдары, жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттары жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры А.Қ. Қалықов  Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз жүргізіліп отырған саясаты туралы баяндап берді.









Top