2018 жылдың 11-12 сәуірінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына арналған «Астана – отандық ғылым және білім беруді дамыту орталығы» атты республикалық студенттер форумы өтті.
Форумның мақсаты – республика жоғары оқу орындарының студенттік және ғылыми ортадағы инновациялық қызметін дамыту болып табылды№
Форум аясында келесідей іс-шаралар жоспарланған:
- «Менің Елім – менің тағдырым!» патриоттық акциясы;
- университет жас ғалымдарының көрмесі;
- «Туған жерім – Қазақстан!» көркемөнер және қолданбалы өнер көрмесі;
- студенттермен диалог құру алаңы, қатысады:
- Асаубек Айымбетов – Қазақстанның бірінші арнасы«Евразия+ОРТ» жүргізушісімен;
- Дидар Жексеков – «Спарта Номад Астана» КТК командасының мүшесімен;
- Дмитрий Карпов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері,Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімен,
- Серік Елеуов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімен;
- Әйгерім Серікжанова – «Жас Отан» ЖҚ «Сана» бағытының үйлестірушісімен;
- «Астана – Тәуелсіздіктің символы» тақырыбындағы дөңгелек үстел;
- «OPENSPACE» үлгісіндегі патриоттық кеш;
- Елордамыз Астананың 20 жылдығына және шығармашылықтарының 10 жылдығына арналған «Жастар» эстрадалық ән студиясының концерті
Форумға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.